Басқан із бен жанардан жарық сәуле басталар,
Кейде көзге, кейде ізге бітеді екен от деген –
Көздің оты сөнеді, жұмылса егер қос жанар,
Ізге біткен от бейне дән секілді көктеген.
Жеңіл әйел көзіне біткен ұшқын – көп күлген,
Тұтанар тек еркекті кезіктірген сәттерде.
Бейне қағаз шоғындай жылыта алмас ешкімді ол,
Өлі түскен сөздердей немесе осы дәптерге.
Мынау дүние аз тыңдап, қанбапты ғой сырға әлі,
Бір мұхитта жүзіп ем – жұлдыз алдым, сүзіп ем.
Жұлдыз теред тіршілік, жұлдыз теріп жүр бәрі
Жалғыз ғана Маркстің жүріп өткен ізінен.

1965