Бәрін айырсаң болады,
тек қана
қайғы менен ақындарға тоқтама.
Ол екеуін ажырату,
есебі
су мен сүтті айырудай деседі.
Бірақ су да «күнелтеді» су болып,
бірақ сүт те «күнелтеді» сүт болып;
ал, қайғысыз ақын – белсенді емес пе,
ақыны жоқ қайғы да бір өлексе.

1967