Ай қарайды сығалап ала бұлттан,
қос қарайған келеді иықтасып.
Қызған ерін қыз демін алады ұрттап,
ай қарайды сығалап ала бұлттан.
Бала бұлақ мәз болып күліп жатыр, –  
қос қарайған кетеді біреу болып.
Тиіп кетсе қапыда жұмыр балтыр,
шөп бастары тұрады үрейленіп.
Ай қарайды сығалап – амалы не.
Ауыл жым-жырт, тек қана екі шетте
екі-ақ үйдің сөнбепті шамы әлі де...

1965