Аппақ шуақ араласып күлкімен
Сәскедегі көл бетіндей кілкіген;
Көңілдердің күдігі мен күмәні
Мұнар болып көкжиекке тұнады.
Кілкиді кеп ақ айдын,
Сіміреді ол сұлулығын маңайдың.
Көк аспанды жамылып ап төсіне
алданады ол,– паңданады несіне?!..

Шуақ, шуақ! Жалғыз талмап жұт мені,–
Ақ қағазға түскен қара нүктені.
Көлеңкесіз болса егер бір дене,
Ол дененің – жатқан жанға біткені!

Шуақ жатыр жарқырап,
Қарайды кеп жез кірпігін күн тіге.
Шай бетінде шама құсап қалқимын
Шуақ пенен күлкіге!

1965