Ақын шаңырағына, Жұмекен ағаның дүниеден өтердегі
соңғы, көзі тірісінде қолы жетпей кеткен, сағат санап, күн са-
нап əр кірпішінің қалануын, қабырғасы өрілген кірпіштің əр
қатарының биіктей түскенін асыға күткен көкейкесті ар ман-
дарының бірі – Құрманғазы көшесінің бойындағы қасиетті
қарашаңырағына менің бұл келуім əдеттегі, арнайы сəлем
бере келуімнен бөлек еді.
Ердің жасы – елуіне де аяқ баспай, 49 мүшеліне де жет-
пей, 48 жасқа толуына алты күн қалғанда, күздің тұманды,
ызғарлы күндерінің бірінде төңірегін түгел «аһ» ұрғызып, пə-
ниден озған ақын арамызда тірі жүргенінде 75-ке толар еді.
«Алланың жазмышы», «өлшеулі ғұмыр» дегенді бар ділімізбен түйсіне
тұра, адамзат өлшеміне сəйкестендіріп алғанда
«ғұмыры қысқа» ақынның артында өлмейтін жыры, дүниеге
əкелген анасы, жан жары жəне алды енді ғана тұрмыс құ-
рып үлгерген үйелмелі-сүйелмелі бес баласы қалды. Өңкей
жетім: жыр-жетім, ана-жетім, жесір жар, бала-жетім.
Сол күндері Құдайдың құтты күні көкірегі карс айырыла
«Əмір-ай!» – деп Нəсіп апамыздың күрсінгенін ұмыта алар
емеспін. Бұл Əмір – Алланың əмірі. Оған қарсы тұру деген
жоқ. Болып көрген емес! Осы əмірдің орындалғанына көн-
сең де көндің, көнбесең де көндің.
Сол жетімдерден тысқары тағы бір жоқтаушысы қалып
еді, Жұмекеннің. Ол – аға қайтыс боларынан 10–15 күн бұрын
сиясы кеппеген «Менің топырағымды» қолыма ұстатып тұ-
рып: «тезірек, қатесіз басып берерсің, шырақ» деген амана-
тын арқалап қалған мен едім. Ақын аға аманатын орындап
үлгерместен, ажал шіркіннің күтіп тұрғанын кім болжапты.
Бəрі содан басталды десем де болады. Бақилық болған
ақын рухымен отыз жылға таяу уақыт бойына сырлас бо-
лып алдым десем, кім сенеді оған. Сенуді айтасыз, мұндайда
«сырқаттанып қалған» деген атқа ие болу бəрінен оңай бо-
лары сөзсіз.
«Менің топырағым» баспа өндірісіне даярлану үстінде
екі жылға жуық баспагерлердің қолжазба сөресінде жатып
қалды. Бір хабарын білу үшін редактордың есігін талай торы-
ған кездеріміз болды.
Бір күні марқұм Дүйсенбек аға (Қанатбаев) кітапты
өндіріске жіберуге қол қойылғанын, бірақ, жұқа мұқаба
берілгенін күйіне айтты. Мен болсам, дереу өзім нан тауып
жүрген баспа саласындағы құпияны жария еттім. Құзырлы
мекемелердің қоңырауынан кейін ғана, ақын өмірінің соңғы
сəті не дейін жазып кеткен жыр жинағы баспадан тиісті дең-
гей де безендіріліп, жарық көрді. Ал, Дүйсенбек аға болса
«баспа құпиясын» жария еткені үшін басшылардан сөз ес-
тіді. Осындай адамгершілігі, шығармашылыққа жасаған
жанашырлығы, ақын рухына еткен құрметі үшін Дүйсенбек
ағаны қатты құрметтейтін едім.
Жоғарыда айтқанымдай, бұл шаңыраққа осы жолы келген
мақсатым – Жұмекен жырына ынтық оқырман қауымға ақын
өмірінің бұрын айтылмаған беймəлім тұстарынан деректі
əңгіме айтылса, сыр шерте алсақ деген ойым болатын.
Əңгіме үстінде əлдебір жайттарды компьютерден қарау
үшін апай өз бөлмесіне шақырды. Бөлмеге кіреберіс сол жақ
қабырғаға ұсталған тұсқағаздағы өңкей сəйгүліктің суретіне
еріксіз назар аудардым. Компьютер тұрған үстел үстінде кекілі
көзіне түскен текті арғымаққа көңіл бөлмеуге болмайтын еді.
Ендігі сəт дайындап келген сұрақтарым жайына қалып,
əңгіме өз арнасын тауып өріле берді. Нəсіп апай əңгімесін
былай бастады:
«...Тəңірім менің ғұмырымды текті арғымақтармен сабақ-
тастыра жаратқан ғой. Нағашы атам (көкем) мен əжем (ма-
мам) мені – жиендерінің үлкенін көңілдеріне жұбаныш етіп,
немере аңсаған көңіл шөлін басып, еріндерін жібіткен.
Мені он үш жасыма дейін ер балаша киіндіріп өсірді. Кө-
кем мен мамамды қатты сыйлайтын ауылдастар арасында
бірде-бір жан бетіме қарап сөйлемейтін, ерке болыппын. Со-
ғысқа кеткен нағашы ағамның жары – Сəбила жеңешем де
қариялардың көңіліне қарап, маған қыз балаға лайық емес,
қайнысы ретінде «Ақ төре» деп ат қойған. Көкем – нағашы
атам маған жорға мінгізіп, шаң тигізбей өсірді.
Жұмекен екеуміздің аталарымыз – елге құрметті, көпті
көрген, беделді адамдар. Бүкіл Қошалақ құмына аты белгілі
екі қарияның тұңғыш немерелері едік. Жұмекеннің əкесі со-
ғыстан оралмай қалды. Менің əкем Сталинград шайқасында
бір аяғын беріп, елге аман оралды. Жұмекен жалғыздан
қалған тұяқ болса, мені нағашы атам алты айлығымда ба-
уырына басып, өз атына жаздырып, ұлым да, қызым да осы
деп өсірген. Көкемнің бұлай дейтін себебі менің шешемнің
жалғыз ағасы да соғыстан оралмай қалған. Жұмекеннің
«Мезгіл əуендері» деген кітабындағы «Бір тағдырмыз, бір
жіппіз» деген жолдар да өміріміздің ұқсастығы еді. Көкем
маған елде жоқ жорғаны тауып мінгізуші еді. «Культтруд»
деген колхозда Темір деген жылқышы болды. Көкем кере-
мет жорғаның тұқымы бар деп естіп, Темірге төрт түлік
малдың əрқайсысынан беріп, еркек жылқы болмай, таңдап
жүріп, құла байтал сатып алды. Құла жорға құлагер емес,
таза мінсіз құла еді. Қамыс құла. Шабысы жоқ, таза жорға.
Өзіміз тұратын ауылда, тіпті көрші колхоздарда одан асқан
жорға жоқ. Байтал күнінде сатып алған соң құлындатпай
екі жыл міндім. Төрт атшабысқа мініп бардым. Мен мектеп
бітіріп, кітапханада жұмыс істеп жүрген кезімде ұл балала-
ры бар ауылдастары көкеме: «Қызыңыз бойжетті ғой, енді
жорға мініп қайда барады, Əділжаныңыз атқа мінгенше көп
уақыт бар ғой, бізге сатыңыз», – деп қолқа салған көрінеді.
Менің 1950 жылғы туған інім Əділжанды да көкемдер алты
айлығында алып бауырына басқан. Құла жорғаға қатысты
көкем ешбір үгітке көнбеді, қайта оларға ренжіп: «Қарашы,
олардың қыз балаға жорға не керек деуін, ұлдары өскеннің
көзіне күйік болдырмаймын» деп, құла байталды сойып ала-
ды. Арынды əрі екпінді құла жорғаның жыры осымен тəмам
болды. Шіркін, құла байталдың бойындағы шабыты екі-ақ
жыл шалқыды. Қазір ойлап отырсам, қай заманда да жүй-
ріктердің пешенесіне ұзақ ғұмыр жазылмаған. Сұқтану мен
көреалмаушылық шын жүйріктің адымын аштырмайтыны
өмірдің заңдылығы екен-ау. Тағдырым шын жүйріктерді маң-
дайыма жазғанына ризамын. Жүйрік ат пен жорға кімде бол-
мады дейсің. Бұл жерде менің айтпағым – Алла Тағаланың
əмірі мен ерекше қасиетті туған адам да, жануар да ұзақ өмір
сүре алмай, тіл-көз атып түсіретінін айтып өту еді. Мен құла
байталымды кейінгі кездері түсімде жиі көремін.
Жұмекен каникулда үйіне барып келгенінде атасы түйе-
мен, өзі керемет ақбоз ат мініп келді. Ақбоздың бір қараған-
да өз тұрқымен салыстырғанда құлағы кішілеу көрінді. Құй-
рық-жалы төгілген, құйрығы өте келте де емес, жерге жетіп
те тұрған жоқ. Ақбоз шымқай ақ емес, өн бойында тарғақтың
жұмыртқасындай теңбілдері болатын.
Жұмекен мінген ақбоздың үстіндегі ер-тұрманы да өзіне
лайық еді. Жұмекеннің əкесінен қалған күміс қасты қалмақы
ер, күміс үзеңгі өзіне арнап соқтырғандай шап-шақ, көрме-
ге дайындағандай көздің жауын алады. Ақ жылантөс құйыс-
қан. Ақ қайыстан жасалған жүгенге ақ жыланбас қадап қой-
ған. Қара қылдан есілген шылбырының ауыздыққа қосылар
жерінде қылдың өзінен жасаған шоқ шашақ. Тебінгісін де
жұқалап ақ жүннен басқан, тебінгінің шет жақтарын қызыл
жүннен жіңішкелеп ескен қызыл жіппен құстаңдайлап жи-
ектеген. Ақбоз жорғаның үстінде отырған болашақ ақынның
қолында – əкесінен қалған тобылғы сапты күміспен өрнек-
телген он екі өрме дойыр қамшы.
Бүгінгі күні сол кездегі ақбоздың күмсəнді əбзелінен қал-
ғаны – он екі өрме дойыр қамшы мен құйысқан ғана. Олар
қазір бір түйір ұлымыз Мағжанның төрінде ілулі тұр.
Бұлардың бəрін тізбектеп айтып отырған себебім, сəнді
ер-тұрман, бітімі бөлек жорға мен оның үстіндегі боз бала-
ның отырысы, əр қимылы керемет əсемдік пен үндестіктің
үлгісі іспетті.
Осы көрініс көз алдымнан кетер емес, өмір бойы есімде
қалған көрініс. Бұл – маған ерекше айбын беріп, қуаттандыра-
тын бақытты шақтарымның керемет бір көрінісі. Көңілім жү-
деп, жабыққан шақтарымда осыларды көз алдымнан өткізіп,
қайраттанған кездерім аз емес. Өмірдің кей сəттері ертегідей
болса, ертегінің өзін өмірдегі ізгі ниеттілердің ғажайып асыл
армандарынан құрастырмаған деп кім айта алар?
Ол күндері, сонау алыста қалған қимас күндердің бірінде
осыншама үндестіктен əсерленген сүйіспеншілік сезімінің
арқасында ақынның өзіме арнап жазылған өлеңдерінің біріне
мен де жауап ретінде өлең арнағанмын. Өлеңнің аты –
«Ақбоз жорға». Балауса шақта адам өлең оқуға жаны құмар,
ақындыққа еліктегіш болатын əдеті ғой. Жұмекен менің бұ-
дан бұрынғы шатпақ өлеңдеріме «жаман», «жақсы» деп еш
пікір айтқан емес. «Ақбоз жорға» атты өлеңді қатты ұнатты.
Осындай күндердің бірінде мынадай түс көрдім. Жұме-
кен каникулдан қайтқанда мініп келген ақбоз жорғасымен,
үстінде күнделікті киіп жүрген киімі бар, ақ бұлттардың
үстінде ұшып жүр екен деймін. Ақбоздың төрт аяғы төрт қанат
сияқты жайылып кеткен. Мен өзім де сол көріністің ішінде
жүрген екенмін деймін. Төмен қараймын... Аяғымыздың ас-
тында – аппақ мамық тап-таза бұлт. Қалықтап ұшып, адам
айтса сенгісіз əсерге бөленіп келеді екенмін. Жұмекен ақбоз
жорғамен биіктей береді, биіктей береді...
Осы көрген түсімді Жұмекенге айтып жеткізуге бата ал-
май, ұялып біраз жүрдім. Мазақтай ма деп те жасқандым.
Елде түс жорығыш Мəнер деген біреу болыпты. Оны бүкіл
Қошалақ біледі. Түс көргіш, жорығыш əлдекімді жақтырма-
ғанда ел ішінде «Мəнершілеп отырсың» деген сөз бар еді.
Өзім осыдан жасқандым. Бірақ, жақын досым Бақыт Ғұма-
рова Жұмекенге айтқанымды жөн көріп, айтпасыма қой-
мады. Жұмекенге жазған кезекті хаттарымның бірінде осы
түсімді жаздым. Оған жауап хатта Жұмекен маған ол түске
катты қуанғанын айтты.
Менің тағдырым шу асау тарпаңдарға емес, текті арғы-
мақтарға серік болуымен мəнді».
Апам əңгімесін айту үстінде сонау алыс, алыста болса
көкейін де ешқашан көмескіленіп көрмеген аяулы жылдарын
аса тебіреніспен есіне алып, əр оқиғаны майын тамыза, боя-
уын жарқырата көз алдыңа көркем көрініспен ұсынады.
Əңгіме əсерінен айыға алмаған күйімде қолыма қалам
алып (компьютерге теруге де тəуекел етпей), бірде-бір сөзін
қалт жібермей, қағаз бетіне түсіре бастадым.
...Көз алдымда – соғыстан кейінгі ауыл. Шағын мектеп.
Сол кездің білімге сусындаған шəкірттері. Алғашқы пəк се-
зімін өлеңмен өрнектеген бозбала. Қолына құрбысы табыс
еткен хатты оңашада оқып, алма жүзі қызарып алаулаған жас-
өспірім ақсары сұлу қыз...
Қалампыр КЕНЖЕҒАЛИЕВА