«Таппаған соң өлеңмен жүрек емін,
Бір-ақ сілтеп қолымды жүрер едім,
Туатұғын секілді бүгін-ертең
Мраморға жазылар бір өлеңім»
деп еді ол.
Оның өлеңдерінің көбі талай жанның жадында жатта-
лып, саналарында сақталып қалса, оның ішінде ақынның өзі
болжағандай мраморға емес, жүректерге өшпестей болып
жазылған бір жыр бар. Бүгінде күллі қазақ «Менің Қазақ-
станым» деп жүрекпен жырлайтын болды. Жүрек терге
жазылған жырдың иесі – Жұмекен Нəжімеденов. «Кей сөзі-
нен құмның иісі аңқитын, кей сөзінен мұңның иісі аңқитын,
кей жолынан шық иісі аңқитын» ақын арқалы алты алашын
жанындай сүйді. Осынау «...ойынан жөргек иісі аңқитын»
ұлы жүрекке ұлтын сүюді өзін перзент, өзін əке атандырған
туған елі үйретсе керек. Оның «бес бұтағы» – «бірін иіскеп,
мастанып, бірін сүйіп басын жазатын» бес перзенті еді.
Жұмекен жайында алтынның сынығындай болған сүт кенжесі Саида

сыр ағытады...
«Əкем өмірден өткенде мен он үш жаста едім. Есімде қал-
ғаны, əкем өте балажан еді. Күнұзақ жұмыста. Үйге келген
соң тамағын ішіп алып, жұмыс бөлмесіне кіретін. Бұл кезде
бəріміз аяғымыздың ұшымен жүретінбіз. Тіпті кабинетіне кі-
ріп кететін менің өзімді əкем мейірлене иіскеп, маңдайымнан
сүйіп мəз болатын. Əппақ əрі түр-əлпетім жағынан да əкеме
қатты ұқсайтын мен үйдің сүт кенжесі болғандықтан əкеме
еркелеуші едім. Мені бір елі жанынан тастамайтын. Қонаққа
барса да қасынан қалдырмайды. Кейін есім кіре ұялып «бар-
маймын» десем, «менің қызымды ұнатпаған адам мені қонақ-

қа шақырмай-ақ қойсын» дейтін де ертіп алатын. Бесеумізді
бөліп-жармай жанындай жақсы көретін. Əсіресе əкем үшін
ағам, жанұямыздағы жалғыз ұл Мағжанның орны бөлек ететін.
1965 жылы туған ағама ол кезде ел есімін баласына қоймақ
түгілі, атын айтуға қорқатын, «халық жауы» атанып, қуғын-
сүргінге ұшыраған алаштың айтулы ақыны Мағжан Жұма-
баевтың атын қойыпты. Мағжанның жырларына, ақындық
тұлғасына деген əкемнің махаббатына ақынның талайлы тағ-
дыры да тосқауыл бола алмаса керек. Əкемнен кейін Мұхтар
Мағауин, кейін Кеңшілік Мырзабеков те ұлдарының атын
Мағжан деп қойды.
Əкем əлденелерді ақылдасып, кеңескісі келгенде ең үл-
кен əпкем Əйкенді жанына алатын. Тұла бойы тұңғышы əрі
басқаларымызға қарағанда ересек еді. Оған қоса Əйкен жас-
тайынан зерек, білімге құштар болып өсті. Білім мен кітап
ұғымының əкем өмірінде орны бөлек еді. Мен ес білгеннен
оның аузынан естігенім: «Кітап оқыңдар. Бар білім – кітапта»
деген сөздер болды. Үйімізде əлі күнге бай кітапхана бар. Ол
жерде əлем классиктері, орыс əдебиеті дейсіз бе, бəрін та-
басыз. Сол «бұлақтан қанып ішкеннің» бірі ағам – Мағжан.
Кім біледі, егер, ағам политехникалық университеттен бөлек,
əдебиетке не тарихқа жақын саланы таңдағанда одан мықты
əдебиетші шығары сөзсіз еді...
Мен үшін тарихи сəттердің бірі – əкемнің қолымнан же-
тектеп бірінші сыныпқа апарған кезі. Сол күні ол кісінің өзі
де қатты қуанғаны есімде. Енді ше? Қаладағы тұңғыш қазақ
мектебіне сүт кенжесін өзі ертіп келеді. Мен ол мектепте
қазақ зиялыларының балаларымен бірге оқыдым. Олардың
қатарында мектеп партасынан бастап, əлі күнге жұбым жа-
зылмай келе жатқан құрбым, ақын Нұрлан Оразалиннің
қызы Эльмира бар. Одан бөлек Қайырбек Асанов пен Күлəш
Ахметованың Жазира, Əшірəлі Кенжеев пен Торғын Тасыбе-
кованың Азамат, Мұхтар Мағауиннің Төлеген, Қаршыға Ах-
медияровтың Ерлан, Нұрғали Нүсіпжановтың Дариға, Уақап
Қыдырхановтың Ардақ, Ибрагим Исаевтың Дидар атты ұл-
қыздарымен бір сыныпта оқыдым. Əкемнің жұмыс істейтін
«Мектеп» баспасы жəне мен оқитын қазақ мектебі бір жерде,
«Алатау» кинотеатрының жанында болатын. Таңертең мені
жетектеп мектебіме кіргізіп жіберіп, кешке өзі ала қайта-
тын...
Əлі есімде, 1982 жылы СССР-дің 60 жылдық мерейтойы
өтті. Мерейтойға дайындық қызу жүріп, одаққа кіретін 15
ұлттың ұл-қыздарына іріктеу жүріп жатты. Əр ұлттан өзі үз-
дік оқитын əрі түр-əлпеті сол ұлттың өкілі екенін білдіретін
бір ұл мен қызды таңдап алу керек болды. Сол таңдау шашы
ұзын əрі үздік оқитын маған, сосын көкшетаулық Нұрлан Би-
жанов деген ұл балаға түскен екен. Мəскеуге жиналған он бес
ұлттың ұл-қыздарымен түрлі кездесулер ұйымдастырылды.
Оқушылармен, зиялы қауым өкілдерімен жүздестік. Сол са-
пар аясында «Съездер сарайындағы» салтанатты жиында бі-
рінші хатшы Юрий Андроповтың жанына ұлттық киімдерін
киген отызға жуық ұл мен қыз жиналдық. Осы сəтті орталық
телеэфирден əлемге көрсетті. Сол кезде мені эфирден көрген
əкем дос-жарандарына, ағайын-туысқа телефон соғып, бала-
ша қуаныпты. Кім біледі, өзі сонша сүйген ұлтының атынан,
өз сəбиі, сонау, Мəскеуге сапар шеккеніне шаттанған болар,
перзентін сүйген періште-көңіл босаған шығар!..
Əкем Əйкеннің жəне менің мектептегі жиналыстарыма өзі
баратын. Оған себеп те жоқ емес. Əйкен де, мен де мектепті
алтын медальмен бітірдік. Ата-аналар жиналысында біздің
үлгілі тəртібіміз бен үздік үлгерімімізді мақтағанда əкемнің
төбесі көкке жетеді екен. Мектептен мерейі тасып, балаша
бақытқа бөленіп қайтатынын анамыз жиі айтып отырады.
Əкемнің маған деген көңілі ерекше еді. Екінші я үшінші
сыныпта оқып жүргенімде, маған бір қойын дəптер сатып
əперді. Айтқаны: «Осыған күнделікті жүріс-тұрысыңды, іс-
əрекетіңді əдемілеп жазып жүр». Қазір ойласам, ол кəдімгі
күнделік екен ғой. Баламын ғой, оған мектепке барғанымды,
бағалар алғанымды, табиғат көріністерін... жіпке тізгендей
қылып жазатын болдым. Көк сиямен жазылған менің балаң
сөйлемдерімді əкем ыждаһаттылықпен оқып, қара сиямен тү-
зейтін. Бəлкім, өзі қазақ мектебіне жетектеп апарып, қазақы
тəрбие беріп, əр адымымның амандығын тілеп отырған əкем
мені əдебиетке, жазуға баулығысы келген шығар...
Кейін ҚазГУ-дің филология факультетіне оқуға түстім.
Дипломды «Жұмекен Нəжімеденовтің поэмалары» деген та-
қырып та қорғадым. Кейін əкемнің прозалық шығармаларын
диссертация тақырыбы ретінде алдым. Алайда, күнделікті
тіршілік қамымен бұл жұмысымды аяқтауым кешеуіл деп
жүр.
Əкемді жұртшылық ақын деп біледі. Бірақ, оның ақын-
дықтан бөлек проза мен аударма ісіндегі мұрасы бір төбе.
Əсіресе, кейде аудармаларының өзі түпнұсқалардан асып
түсіп, қазақтың төл шығармаларына айналуға сұранып тұр-
ғандай көрінеді маған.
Ал, əкемнің керемет күйші болғанын біреу білсе, біреу
білмейді. Əкем солақай күйші əрі күйдің киесін түсінген кісі
еді. Күйдің құдіретін жүрекпен қабылдап, домбырамен ғана
жеткізген жоқ, жазып қалдырды. Оған 1967 жылы жарық
көрген «Күй кітабы» дəлел. Əкем əр күйді қалай түсінсе,
соны қағазға өлеңмен түсірді. Ал, бұл қазақ əдебиетінде бұ-
рын-соңды болмаған жайт. Жолдасым Самал Дəрібайұлы игі
жобаны қолға алып, «Күй кітабы» деген электронды диск
шығарды. Онда күй орындалып, əкемнің сол күйге арналып
жазылған жыры да қоса оқылады. Өте сəтті туынды. Əкем-
нің күйшілік дарыны Мағжанға дарыса керек, ол да күй тар-
тады. Бүгінде Мақсат деген немересі де күй тартады.
Əкем туралы естеліктер мен үшін ешқашан ескірмек емес.
Ол туралы ой қозғаған кезде бір өкініш қана өзекті өртей-
ді. Ол əкемнің немерелерінің қызығын көре алмай кеткені.
Үлкен əпкем Əйкенді ғана ұзатып үлгерді... Тым асығыс ат-
танды. Алайда, немерелерінде аталарымен қан жағынан ғана
емес, шығармашылық тұрғыдан да байланыс бар деуге бо-
лады. Атасының прозалық, поэзиялық шығармаларындағы
кейіпкерлердің есімдерін иеленген олардан кейін елінің кə-
десіне жарар ұл мен қыз шықса екен деп тілеймін. Талжібек
(«Ақ шағыл» романының кейіпкері, күйші қыз), Идаят (сол
шығармадағы «щетка шаш» қара баланың образы – əкемнің
прототипі), Темірəлі («Ақ шағылдағы» басқарма), Жанай-
дар («Көзсіз батыр» поэмасының кейіпкері) атты немерелері
есімдерінің сырын елдің сұрап жататыны содан.
Əкем бізге адалдық деген ұғымды ұғындырып өсірді. Ке-
рісінше жағымпаздықты жек көретін. Жалғандықты жаны
сүймейтін əкем халтураның қас жауы еді. Əркім «өз ісін жа-

нындай сүйсе, бар ынта-жігерімен берілсе» дейтін, ықылас-
сыз, құлықсыз қам-қарекеттен құнды дүние тумайтынын са-
намызға сəби шағымыздан сіңірді. Баладай пəктігі байқалса
бармақтай нəрсеге қуана білетін, мағынасыздау тірлікті көр-
се мұңая қалатын. 1978 жылы екі купеде улап-шулап, үш күн
жол жүріп, Атырауға бардық. Кейін байқасам, бұл əкемнің
бала-шағасымен туған еліне барған соңғы сапары екен ғой.
Сол сапарымызда əкемнің туып-өскен Ашақ құмында бол-
дық. Əкем бəрімізді құмға аунатып, өзі бізбен бірге асыр са-
лып, ойнап, мəз болған еді. Өзі аунап өскен туған топыраққа
төл перзенттерін əкелгеніне қуанды ма, əлде атамекеніне соң-
ғы рет табаны тиіп тұрғанын сезді ме, кім білсін, ол сол сəтте
тым бақытты еді!..
Бұл Жұмекеннің кенже қызы Саиданың перзенттік жүре-
гінен төгілген əке туралы толғанысы. Бүгінде жолдасы Са-
мал екеуі алтын асықтай Жанайдар атты ұл мен сүйріктей
Ақкербез есімді қызды тəрбиелеп отырған Саида банкте
аудармашы болып еңбек етеді. Ақынның биыл қырықтың
қырқасына келетін «əппақ қызы»: «Бұл менің 1 жас тоғыз ай
кез ім еді!.. Əкем өзі «Саидөгіммен суретке түсейінші» деген
екен сол жолы» дейді əлі талай сырды ағытардай сартап са-
ғыныштан сарғайған суреттерге қарап, жымиып. Кім біледі,
«есейіп кетсем де мен саған сəбимін» деген перзент-көңіл
əкенің аялы алақанында тағы бір тербелгісі келген шығар...

Динара ІЗТІЛЕУ