Қимыл емес,
пиғылдардан қорқасың,
қанжар емес,
қырғыштардан қорқасың.
Толтыру үшін өз көңлінің ортасын,
айтты біреу жорта мақтау, жорта сын.
Бәлкім, бәрі тоқшылықтың арқасы:
сөкті ол мені майлы екен деп сорпасы.
Уһ, менің де бір жүк түсті-ау арқамнан:
өз әліне сай әркімде бар талғам,
Сөзде де көп сулы қияр жонғандар,
капуста жеп қара жүрек болғандар –
қорқады, рас, менің «майлы сорпамнан!»

1983