Шұбарытып кетті құла қақ,
жыралар жылап, тас ұлып,
жатқандай көшіп кең алап алыс бір жаққа асығып.
Ағаштар елдір-желдір боп қабаққа қарсы барады,
жұлынған жапырақтары ізінде қалды шашылып.
Не болған мына маңайға,
жаңағы тұрған тау қайда?
Көшкен бе тау да бір жаққа бұлттарын тастап
баурайға?
ЬІңырситындай бір түрлі ылайға бөгіп мына алап,
баурына басты ылай-толқын сынық бұтаны
бұралап.
Ыңырсып мөңіреп желеді ылдиға қарай бір баспақ,
тұсауын үзіп кетті, әне,
шыңғырып үркіп сұр қасқа ат.
Бара жатқан тәрізді үдере көшіп бар алап
жұтағандарды – жұлқылап,
жалаңаштарды жаралап.

Осынау ұлы аңғардың түбіне қарап толғандым,
бүліншілік-ке осынау білдірмей себеп болған кім:
ақ мұз ба,
сен бе, қара шың?..
Сулардың мынау жат үні, –
жолына құлап сол судың,
жотасын тосқан
ақыры
сұр тас та кетті домалап,
тағы да жалғыз мен қалдым.

1983