Тым-тырыс,
баяғы бір тұрыс.
Жел майдан салады,
салады бұлт ұрыс.

Кимелес,
ұмтылыс –
бәрібір шың тыныш.
Түрі алыс,
жат әрі –
шың тыныш жатады.
Шатағы,
шатағы:
шаншудай батады
шыңның да атағы.

1983