...Ал, сен болсаң сол баяғы бір ербең,
қандай есер ербеңде деп жіберген?!
Аяғыңа жығылар ем мен ертең,
кеп-кеше анық түскен болса көлеңкең.
Буалдырлық – бояу екен, о-дағы
саған ғана жұққан сын-ды болады.
Намаз-шамда әлдекімнен құлаған
көлеңкедей ербиесің сен әлі:
Болса-дағы қанша байтақ кең өлке,
қайдан болсын көлеңкеде көлеңке!
Ашылмады жазда – көзің,
күз – кеудең,
кісілердің көлеңкесін іздеумен
күнің өтіп бара жатыр,
қанша амал.
бұлттан – бұйда,
безеу іздеп алшадан.
Күзгі те-ре-зе тәрізді буалдыр
пиғылыңды жумасаң да – су алдыр:
ниетіңе разы ғыл бір мәрте,
тым құрыса бір-ақ мәрте қуандыр.
Құлақ – ойға,
көз жарамай көргенге,
ал, әйтпесе ербеңдей бер, ербеңде.
Абай айтты: «азат басың болсын құл –
саған айтты: қолдан келмес іске ұмтыл!»
1983