Қырқа, төбе, қыраттар,
Көтермеңдер иықты,
біз көргенбіз,
Көргенбіз
Сендерден де биікті,
Шаңқай түстің шағында
бастан бөрік құлап бір,
біз көргенбіз,
Көргенбіз
Шырқауларды шың атты!
Мықтысың ба сен де, Емен,
Жықпады деп жел мен құз,
Жел өтінде тұрғанның
талайларын көргенбіз.
Қаттылықты мақтан етпе, қара тас,
тастың-дағы жарылғанын көргенбіз.
Мықты болсаң, сол тасты сен тебіренгіз –
Не көрмедік сенімен біз,
біз бәрін де көргенбіз.
Көп салғанда кісіге іс,
Қырғи көңіл, қыңыр бас,
Кісі болсаң – түсініс,
итім болсаң – ырылдас.
Дәрменсіз деп біреуді
Күйін, күйін – еркінде.
Күйген сайын сен тілдеп
Мен күлемін селкілдеп!
Жасылмын деп жасанба
Жапырақ
Әй, жапырақ.
Жігіт, жаспын деп қағынба сен де көп:
Күн – өтпелі,
дүние деген – дөңгелек...

1983