Қинайды ғой, қинайды, өнер шіркін қинайды-ақ,
өз пікірің сыймай қап өзің жазған шимайға.
Топтап берсең журналға бәрі сыйып,
қинайды
жаның күйіп жазылған жалғыз жырың сыймай қап.

Қинайды ғой, қинайды, өнер шіркін қинайды-ақ,
жыр келмесе қолыңнан етігің тік, үй майла.
Қайтер едің, ағайын, жұқпай жаққан бояуың,
жатса етігің ешкімнің аяғына сыймай қап?!

Қинайды ғой, қинайды, өнер шіркін қинайды-ақ,
қиындықта қызу бір — кетеді екен ми қайнап.
Өмір қиын, ағатай, —
кешір, мен де кешіктім,
Мезгіл айдап әкеткен автобусқа сыймай қап...

1969