«Қастық» көп-ау жалғанда,
жатам күліп,
ерлер жәйлі ел айтқан мақалды ұғып.
Атын берді, берсе өмір, белеңі бар,
досын берді, берсе өмір, қатал қылып.
Жеңгесімен көп қыздың амандастым,
жаулықтыдан жау шықса — жеңе алмаспын…
Мен үйленіп қойғасын,
қарашы енді,
қыздар жақсы боп кетті маған қас қып.
Жастық — асау тай сын-ды бастықпаған,
тайды да асау дегізген жастық қана...
Өнерімді сыйлайтын бір азамат
түсіп қалды орнынан қас қып маған.
Тағдыр талай көрсетті қатал қылық,—
«қылыштың құрығында батар қыры».
Өмір солай деп қойып жатам күліп,
қанжарымен қастықтың сақал қырып.
1969, 1982