Қират, күйрет, белгі бердім, қас қақтым:
ал, көк өзен майданыңды бастат бір.
Ыза қылу үшін сені табиғат,
қойтастарды жолыңа үйіп тастапты.
Ал, өлеңім, өкіріп шық, күйрет бір
тосқауылды қоям саған сирек бір.
Оп-оңай-ақ озу үшін бәйгеде,
есектерді жарысуға үйреттім.
Тастарың не: кесек, кесек, кесек құр,
қастарың не: бақай қағыс, есеп құр.
Ал, көк өзен,
өкпелеме қойтасқа,
ал, жүйрігім, кінәлама есекті.
1969, 1982