Ақындықты көріп жүрміз не түрлі,
батылдықты көріп жүрміз не түрлі;
қастықты да көріп жүрміз не түрлі,
достықты да керіп жүрміз не түрлі.
Бірақ ақын — ақын болып қалсын тек,
бірақ батыл — батыл болып қалсын тек;
бірақ досың — досың болып қалсын тек.
Ақындық пен әуреліктің арасы,
қастықтар мен достықтардың арасы —
қор қылатын осы-ау адам баласын.

1969