Күдіктендім бұрлығып,
газеттерге
бекерге
шықпай қалса бір жырым,
жаман жаздым ба екен деп.

Мұны да енді жыр деші:
күдіктендім,
бекерге
суып кетсе бір досым,
ренжіттім бе екен деп...

1969, 1982