Ауылға аяқ бассам жұмсап кетем,
шегіне домбырамның үн сап бөтен.
Бірдеңе айтсақ па екен анау шалға,
әлде айтуды ойлап қана тынсақ па екен.

Әйтеуір жұмсап кетем, жұмсап кетем,
көңілде ұят бөтен, ынсап бөтен.
Ауылдың кемшілігін көрмеу үшін,
тарс қылып екі көзді жұмсақ па екен.

Ит біткен қуып үріп тірсектете...
осылай у-шу қылып жүрсек пе екен.
Боз үйді мына біреу орап өтіп,
күркеге әне біреу кірсек пе екен…

Осымен осы жырды түйсек пе екен,
өлең де көп көпіртсек күйсеп кетер.
Мына жадау күркеге кіре салып,
кір-қожалақ бір ұлын сүйсек пе екен...

1969