Теңізден өте алмадым,
тереңдігі — сылтауым.
Шығамын деп ем, алда әне
мұнарытып тұр тауым.

Қыруар іс бар анда әлі,
іс бітірмедім бір тәуір.
Жақсы жыр жаза алмадым,
қиындығы — сылтауым.

Түңілтіп келем, түңілтіп,
үміт еткендер ұрсып жүр.
бітіре алмасам бүгін түк
сылтауларымның қырсығы...

1969