Жаманшылықтың бейнесі —
күн көрістердің шатағы,
күн көрулерден кейде осы
күншілдік шығып жатады.
    Күншілдерге, өмір, бір ой бер,
қиыныңа қарай баста да.
Күн көреміз деп біреулер
күн көрсетпейді басқаға.

1969