Үгіліп, ұшып өлең-гүл,
орнына шөп өссе анық,
гүл-өлең жазған кезіңді
отырасың еске алып.
Ақтайын десең бір ойды
дәндері ұшып, қауызы қап,
жақтайын десең біреуді
жалғыз сөз түспей ауызыңа.

Қайратың таппай кепілдік,
көзіңе ойың: түңіл деп.
Бітіріп жатқан секілді
жетістігіңді мінің жеп.

Жыр өспесе, ақындық
шөлейт деші — бәрібір.
Достым,
тек мұндай сәтіңді
көбейтпесін «тәңірім».

1969, 1982