Бір пәтерден бір пәтер іздеп көшіп біз баста,
екеуміз де сенуші ек шын достықты бұзбасқа;
бір пәтерден бір пәтер төменірек боп шығып,
бекітетін достықты іреніш пен жоқшылық.

Содан кейін:
ептеп кітап жинадық терді төгіп, жан салып,
жарымыздың жүзіне күлкі үйірілді, қан шауып.
Пәтер алдық тұрақты,
аяқ-табақ құралды,
келіншектер бір-бірін ұқпайтынды шығарды.

Содан кейін:
тауып жүрдік көз жұмып Жазушылар Одағын,
содан кейін не болсын, болды-дағы болары:
атақ деген бір күні бомба түсті-түнерді,
достық деген қамалды быт-шыт қылып жіберді.

Сол қамалдың-достықтың орынына ақыр біз
дипломатия деген күрке салып жатырмыз.

1969