Сенің ғана көзіңмен айналаға қараса,
көк әйнектен көргендей жайнар еді бәрі аса.
Жаман кісі, жаман іс, жаман пиғыл болмас ед, –
сенің ғана көзіңмен бәр-бәріне қараса.

1969