Жалғыз қара шың жатыр көкжиекте тұрақтап,
жалғыз ауыз сөз құсап, не оқ құсап бір атқан.
Қайраттылық жөнінен, сен де осы шыңға ұқса,
қайырымсыздық жөнінен ұқсай көрме бірақ та.
Жалғыз емен жартасқа өсіп қалды тұрақтап,
жапырағын жел ұстап мінбек дейді құлақтап.
Жалғыз ұлым, еліңнен емен құсап тұрақ тап,
жалғыз қалма түбінде емен құсап бірақ та.
Жалғыз шыңды көрсем мен — сені ойлаймын әйтеуір,
жалғыз емен керсем мен — сені ойлаймын әйтеуір.
Жалғыз ұлды көргенде жалғыз ой жеп кеудемді:
жалғыз емен, Жалқы шың, аяп кетем сендерді.
1969