Жеткенінше бойдағы дарын, білім,
кетпесем деп әркімге жалындырып,
Қолдағыны мен сенен аямадым,
аямадым өзіңнен барымды, ұлым:
Өсірсем деп арманшыл адам қылып,
білгенімді ағыттым саған бұрып.
Бола алмадым мүмкін мен сүйікті әке,
ұстаз болу үшін де табанды бір.
Сабыр ұстап, сана ойлап, алтындай тұл,
бәлкім болған шығармын салқындау тым?
Кекіліңнен тым сирек сипадым ба,
«айналайынды» аз айттым бәлкім, бәлкім.
Менің ісімді ақыл де, қиқасын де,
біреу бірдеңе дер деп сескенбедім,
қатал болдым жүз рет, өскенде елің
мандайыңнан бір рет сипасын деп.
1969, 1982