Сен туғанда көктем едім, көрікті ем,
енді мені ұрады жұрт бөрікпен.
Бір сүйініш келді-ау, деп ем – келді шын,
сонда мені сүйіндірген сенбісің?
Бір күйініш келді-ау деп ем – келді шын,
сонда мені күйдірген де сенбісің?!
сенсің, ұлым! Айдарымнан жел ескен,
жел ескені: ұлым бар деп емес пе,
ал, қалғанын шарап жуды – жоқ есте.
Алайықшы, нені айтсақ та, сенісіп, –
бәрі, бәрі тек сен үшін, сен үшін.
Тәңіріден тәуір жан боп келіп ем,
нашар болып аттанам ба тегі мен?!
Ертең өзің де ойлайсың ғой,
ал, әзірше ақыл тыңдап көкжиегің кеңісін:
әзірше мен ойланайын сен үшін...

1969, 1982