Көп емес-ау саған артар міндетім,
ең оңайы: өзіңе-өзің жүр жетіп.
Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың,
сол болады еліңе еткен құрметің.
Көп емес-ау саған артар міндетім,
ең қиыны: өз халқыңды біт жетік.
Жақсы білсең Құрекеңнің бір күйін
ол да сенің еліңе еткен құрметің.
Өз мініңді тексере алсаң қолға алып,
сол болады халқың жәйлі толғану.
Ақырында...
Жазғандарын әкеңнің
өз тілінде оқи алсаң болғаны.
1969