Жәй ақын жақсы ақынмен араласып,
біреулер қатарыңнан барады асып.
Сыншылар сынағанмен,
сен де кейде
жа-жақсы жазатынсың «қара басып».
Теңеулер, образдар араласып,
келіп ең сен де өнерге дара басып.
өлеңде шешіп едің бәтіңкеңді –
құтылып кетті біреу ала қашып.
Сыртыңнан, бүйір тұстан әлі аңдыған
біреулер жүр, әнеки, қараң-құраң.
Андатр бөркің бар-ды жырда сенің, –
қашып кетті біреу ап қараңғыда.
1969, 1982