Бөрте қайың, көрсем деймін мен сені,
бүршік жарған кездеріңде теңселіп.
Балғын сұлу көрсем деймін мен сені,
ғашық болған кездеріңде теңселіп.
Аспан сені, көрсем деймін ылғи да
түс кезінде, күн төбеден нұр құйған.
Өз орныңнан көрсем сені, стөлім,
өз ұяңнан көрсем деймін, құс, сені!..
1969