Тыныштық деп құр жатпа,
әлі соғыс секілді.
Мылтық даусы бір жақта
алыс-алыс секілді.

Ішіне ыза от түсіп,
ұмтылып алған секілді,
бір жауыздық оққа ұшып,
мылтығы қалған секілді.

Бір жауыздың иті де
құтырып алған секілді.
Өшкенімен Гитлер,
түтіні қалған секілді.

Сен жыласаң нан ұстап,
асылық мүлдем секілді:
бір құрдасың алыста
ашығып жүрген секілді.

1969, 1982