Бұтағын серпіп қайыңның
құлағанын көрмесең деймін,
Ұлын ана уәйім ғып
жылағанын көрмесең деймін.

Моласыз мүрде – ауыр бұл, –
жүзін көрмесең деймін.
Жеріңнен қас жауыңның
ізін көрмесең деймін.

1969