Жинақ бітті;
жуықта
«мезгіл-әуен» бітпейді.
Оқушы дос, ұмытпа
келген жерді бүктеуді.
Тағы оқырсың;
ақтарып
табарсың да нашарын.
Бір кітапты жапқаның –
екіншісін ашады.
Соңғы беттің түйгені,
соңғы сөзі деп пе едің:
келетұғын күндерім –
оқылмаған беттерің...
1967