Шыққандайсың ат та емес, киік мініп,
шабасың кеп шаң түтіп,
                               құйықтырып:
Мақсат сын-ды алыстан көрінген тау,
жеткізбейді, қарашы, тиіп тұрып.

Ұмтылғаның барыңды салып бір шақ,
түк болмапты мезгілмен салыстырса.
Жетем дейсің жап-жақын көрінгесін,
бүйтпес едің әуелден алыс тұрса.

Аласа екен алыс тау;
бала шабыт,
сөне көрме жалт етіп жана салып.
Алыс мақсат, жақын боп көрінбеші,
асқар таулар, алдама аласарып!

1967