Кей сәттері семсерде де – құр атақ
сыныңды ел семсер ғой деп жүр атап.
Семсер болса – жігіт ұстар семсерді,
сол семсерге шабуылда рақат.

Найза деп те атайды жұрт түрленіп,
сондықтан да біразымыз сүймедік.
Найза болса – жігіт ұстар найзаны,
көсеу ұстап күйбеңдеген қай залым?!

Табылғанда білектілер тағы бір
шоқпар дейді енді біреу қағынып.
Шоқпар болса – жігіт ұстар оны да,
таяқ ұстап жүр біреулер сорыма:
семсер бүгін май-тот болып налытты,
қию емес, қайзалау бар – анық бұл.
Барымтада жоғалыпты шоқпар да,
жігіт аты – Махамбетте қалыпты.

Дау бола ма ақынында жігітте,
жара салса қайзаламай, тіліп тек:
жылайсың ғой: өнеріңді үміт деп,
құлайсың ғой: өлеріңді біліп кеп!

Айтайықшы астарланбай, ұрланбай,
арамызда ақылдылар жүр қандай!
Кей сын сізді мең-зең етер,
найза емес,
құм толтырған кенеп қаппен ұрғандай.

1967, 1982