Күдік қасқа әманда
Түртіп сорып жүректі,
өңменіңе қадалған
кірпік болып жүдетті.

Үміт байғұс аманда
масыл болып жүрекке,
алдыртпайтын адамға
асыл болып жүдетті.

1967