Табиғаттан болады ол;
табиғат қой, тегінде,
болатұғын ала қол
ақыл-ойды бөлуде.
 

Мына адам ба?
міні көп,
солай де де – жүре бер.
Күшің жоқ-ау құдірет,
жонып-жонып жіберер.

Болмайды оған,
сен еппен –
нені болсын қолыңнан
өзің жасау керек қой,
жөндеу үшін соңынан.

Мына біреу бас мүлде
ағаш ожау есебі;
бұл басқа да жас күнде
ми тұрыпты деседі.

Ал, жас жігіт жүр бірде
шашып-төгіп, қарпынып:
кімге қосарын білмей
ақылының артығын.
 

Біреу, әне, тірі өлді,
көлеңке ойға ұялап:
қараулығы біреудің
қайрымдыға қиянат.

Неғыласың,
көздеме
шағынуды еңіреп,
өнерде ел өзгеден
кем көреді мені деп.

Қолдан келмес құрысын
дау шығарма, барын ал,
шағын болса ыдысың –
аз құяды, налыма.

1967