Тыңдап едің күйімді сүйіп, түлеп,
бірте-бірте мен содан биіктедім;
Түрім гипс секілді ед,
сенің үшін
алтын болып шықты ғой
менің ішім.
Сұлу емес едім мен – болып кеттім,
батыр емес едім мен – жеңіп кеттім.
Тыңдай-тыңдай күйімді жаныма ендің,
көре-көре жүзімді көніп кеттің.
1967, 1982