Таңғы самал сәл сергіткен, денелі,
қандай жақсы ер өңі
Келеді әне, қайсарлығы шахтердің,
әзілі мен анегдоты келеді.
Қандай ғажап күлгені оның күркіреп,
Сол күлкімен қалады өзі бір түлеп.
Қайлалардың жылт-жылт еткен ұштары,
қараңғыны жыртып өт!
Сұйық ауа қалар сонда қойыла,
көмір исі желпиді алғаш бетіңді.
Тізілген шам штректің бойына
керзі етіктің жез шегесі секілді.
Одан әрі Лава жатыр – тұнған шаң,
қайт ізіңмен бетті басып бұлдансаң.
Жану қиын ілкіде,
сөне алмайсың бір жансаң.
Кеше койған тіреуінді қайта аңдап,
күйбеңдейсің қолқабың мен балтаңды ап.
Қап-қара тер көрінгенде арқаңнан
қара вагон шығар толып қайқаңдап...
1963, 1982