...Лава аузында қарауытты шаң-дағы;
әр көлеңке қозғалады ұрлана.
Қараңғыға түсті шаңның салмағы,
шаң дариясын ұрттап-төгіп тұр Лава.
Дәл осылай сүгіреттер едім мен,
Маңдайымда шам болмаса – бағыма.
Шаң мен сәуле толқып келіп соғады
лавалардың тас қараңғы жарына.
...Шахтер – бір шам, келе жатыр жанып ол.
Тұр айнала қара тақта – қап-қара,
Еңбек деген жалғыз сөзді жарықпен
шахтер жазды сол қап-қара тақтаға.
Айқыш-ұйқыш сырықтары сәуленің
ұқсайды екен көп аяқты мосыға.
Комбайндар ілулі тұр шәйнек боп,
гүрілі мен ызыңмен қосыла.
1963, 1982