Құм – жалаңаш жатыр еді, обал-ақ:
қарауытып дір-дір етті дөң, алап.
Тамшы, тамшы келеді әне домалап,
Көк бұлтының бар сезімін тонап ап.
Мөлдір тамшы қонды құмға секпіл боп,
жұрт шу етті: секпіл, секпіл деп тілдеп.
Мөлдір еді, мөлдір еді тамшы бұл –
кеудесінен шыққан үндей әншінің.
Енді қалай болды қоңыр, қарала –
қарамашы, қарама!..
Көмейіне түйдек бұлттар тек келіп,
көкжиек тұр үндей алмай кептеліп.
Ал, сол тамшы сәуле болып туды да…
ақырында құмға сіңді – кетті өліп.
...Тамшы тапты Жерді – мәңгі мекенін,
мезгіл-ана тербетеді мекені мен екеуін.
Өкінбес ед, білмейді ғой сол тамшы
Жердің-дағы тамшыға ұқсас екенін?!

1963, 1982