...Жібек бұлақ желкілдейді,
бар ағы
кәрі әжемнің бұрымындай ағады.
Тасты шашып, тау құлағын жарады,
көлки құлап, толқын ұзап барады:
                                        еремісің, көз?
Бұлақ-бурыл будақ-будақ ырғыды,
теңеп-бөлеп үлгірмеді жыр мұңы;
Жастық шақтың, махаббаттың тұрғыны –
мына алаңда тұр ашылып қыр гүлі –
                                        көремісің, көз?

1963, 1982