Сенің, туған жер, деміңді бір алған
сеземін мен таңғы самал, мұнардан.
Бір басылып, бір шыққандай,
көкірегің
шоқалдар мен төбелерден құралған.

Алатаудан аңқып аққан өзеннен
дарының мен арыныңды сезем мен.
Көкжиекке аунап кеткен түндермен
аунап кеткен қасіретіңді білем мен.
                                         О, туған жер!

Аппақ қарда кара қиқым жатыр шаң –
қиқым ой мен қырсық пиғыл тозаңы.
Бір жүйріктен бір жүйрігің озады,
соны көріп менің де арқам қозады.
                                         О, туған жер!

1963, 1982