Көңілімнің лекітпесі секілді,
шідерімнің бекітпесі секілді.
Отау үй боп құралғанда ең алғаш
көрші берген кетік кесе екілді;
қолға сеніп: «шап» дегенім секілді,
жанға сеніп: «шат» дегенім секілді,
тұңғыш ұлым,
ең қымбатым,
сенімім,
тұңғыш жазған сәтті өлеңім секілді.

1967, 1982