Соғыс жылы жалғыз сиыр сауын-ды,
біздің ауыл сауынымен ауыл-ды.
Күтетұғын сауынындай біреуді ел
кісілікпен, махаббатпен жігермен.
Бригадир адам еді ол қара сұр –
көп жұмыстан тотыққан-ау шамасы.
Маңғаздана қарайтын-ды біздерге
бригадир қонған үйдің баласы.
Ауызына қарайтынбыз түп-түгел
қарайтұғын бүкіл ауыл, бүкіл ел.
Атын әкеп беру оның, тіпті де,
біздер үшін төбелессіз бітті ме.
Ешкім бізді жібермесе де ерікке,
бір шыбыққа міне сала желіп кеп.
Соған ұқсау үшін ашу шақырдық,
шылым тарттық бригадирге еліктеп.
Жалғыз соған шағынатын бір ауыл,
түспесе де домбыраның бұрауы.
тиятұғын тентек бала жылауын.
Қиятұғын күлкілерін үлкендер,
Жалғыз қолдың саусақтары секеңдеп,
темекі орап, ылғи төрді мекендеп,
күрсінетін еді ағамыз сол шақта
«ел басқару қиын жұмыс екен» деп...
1967, 1982