Япыр-ау мен неғып алғам самайды,
кәріліктің келгені ме, қалай бұл? –
өз көзіне өзі сенбей;
шынымен
қартайғысы келмей отыр ағайдың.

Ақ мұрттарды жұлады да тал-талдап,
сақалыма өтпейд дейді балтаң да.
Айна алдында үбектеп кеп жөндейді
әжімдердің кеткен жерін талқандап.

Сұлулығы – жастығы ма жеңгейдің, –
оңғы кезде жеңгейге де сенбей жүр.
Мезгіл жағады ақ қырауын өндіріп,
ал, ағаның талдап жұлғаны – өнбейді…

Уақыт сондай,
Қырсығады, көнбейді,
сақал, шашты, тек өзінше жөндейді.
Одан сайын қартайтады ағайды,
одан сайын жас көрсетіп жеңгейді.

1967, 1982