Иіпті нар осылай.
Сүт құйылды
қатты өмір күй алдында бітті, иілді.
Бұлттың да бауры босап,
тіні жібіп –
боз жусан тамшы тағып,
шық киінді.

Бұлақ та жалт-жұлт етіп күлім қақты,
ебелек екі көзде діріл қақты.
Ұқпады не болғанын Қара нар тек:
алдында пәре-пәре тұлып жатты.

Аузында аруананың бір шөкім жүн
үлбіреп,
тұрды өртенген гүл секілді.
Жаңағы сиқырлы үннің орынында
құнысып бір шөкім боп күйші отырды.

1967