Көз алысқа қадалады не біліп,
күйші қапты не берілмей, не көнбей.
Көкжиектен бір қарайған көрініп,
содан енді адаспайын дегендей.

Телміріпті тесіп жіберердей боп,
кірпіктері жебе болар садаққа.
Мынау дүние – толып жатқан жерден көп
жалғыз нүкте қадалуға жарап па.

Сызық еттім нүкте түссе қолыма,
аялдатып көрген емес түк мені.
Нүкте қоям кез-келген жол соңына,
таппаған соң ең негізгі нүктені.

1967