Тапқаны сол болды ма?
Табанына даңқтың
барқыт төсеу орнына
Әйнек үгіп салыпты -1.

Тапқаны сол болды ма,
«Қонақ үйлер» бастапқы,
мамық төсеу орнына
тікен шашып тастапты.

Білгені сол деп пе едің,
білегіне сауықтың
темір кісен теп-тегін
Лайық деп тауыпты.

Кедейліктен деп пе едің,
Наданы бар, басқасы
Скрипачқа кектеніп,
жақсы көрсе ақшасын?

Жо-жоқ, достар,
артықтау
бағалай гөр пысықты:
оларға сол барқыттан,
әйнек қымбат түсіпті...

Ұсақ дұшпан – кәнігі,
Сондықтан тек біл де қой:
тікен оның мамығы,
қонақ үйі – түрме ғой.

Барқыт түгіл,
бағыңа,
батпайды ғой кенеп те.
Ал дұшпанға,
Жаныңа
бататыны керек те!
 

1 - Паганини бір концертке шыққанда «достары» білдірмей бәтеңкесіне әйнек үгіндісін салып кигізген.
 

1967