Орғиды кеп, мимырт құмға қып-қызыл,
үш аяғын шашасынан жұтқызып.
Құмның бетін шымшып, шымшып өтеді
үш аяқты айыр тұяқ екі елі,
келед шауып кең даланы бауырға ап,
сұп-сұйық құм, қата қойшы бауыр боп! –
Жүйріктер де құмға батар сияқты
тірейтұғын түк болмаса тұяқты.
Өңменді жыртады үн,
Көнгенді бірақ та,
Ап-ащы бір сарын
жетеді құлаққа:
«Не керек өкініп,
не керек жақсы атып,
өзіңдей жүйрікті
алған соң ақсатып?
Неге алдың мылтықты,
нені аттың – қарашы.
Өзіңнің жараң ғой
жүйріктің жарасы.
Бір титтей тірлікті ап
қашады байғұсың.
Өзіңнің қайғың ғой
жүйріктің қайғысы!»
Шығады дуалы
Киігі секіріп,
Қуады, қуады
күйшісі өкініп.
Киік қашты титтей
жаны талып та,
күйші қуды өз кінәсін танып қап.
Киік қашты ажалына өзінің,
күйші қуды жанып қашқан сезімін.
Киік қашты – құтылмасын білсе де,
күйші қуды – жете алмасын білсе де...
Дала момын,–
әр басқаның – тепкідей;
қашуға да, қууға да жетті ғой.

1967