Жалақтап кеп жанады от,
Қызыл ұшқын ұшады кеп шырқырап.
Көріне ме көз байғұсқа жаңа боп
ескі ошақтан шыққан әрбір жылтырақ?
Есер көңіл еспе сөзге жүзіп тұр,
Мендегі ұшқын бір жылт етіп көз жұмды.
...Тұтандырар түк таппаса қызыл тіл
айналып кеп өртейді екен өзіңді...
 

1965