Махаббат деп атар едім мен нені?
Тастамаса сезім байғұс кеудені:
махаббат та қиял дер ем, алдымен
сол қиялға шомып жатып қалғыр ем.
Сұлулыққа ғашық болсаң сен егер,
Рас, одан әйел заты сый алған,
ақыл сұрап жылдам маған келе гөр
бірақ олар сұлу емес қиялдан.
Бірін жақсы – бірін жаман деп жүріп,
қарағанын көрмей қалсаң телміріп,
Ерке мінез, еділ-көңіл бір қыздың –
қатемізді кешіреді кім біздің?
Сары қызың, қара қызың – бәрібір,
тек көңілі аппақ болсың жарығым.
Ұнамаса құлағы не бұғағы,
басқа бірін іздегің кеп тұрады?
Ал, қанеки, ғашық болшы, көр де сен,
бір бұжыр қыз табайын мен өлмесем,–
жаны қандай! Міні болса дененің,
нең кетеді, қиялыңмен өңдесең.
Құлағымда сенің әлі тұр үнің:
«Неткен ғажап балтырың мен бұрымың!»
Шаш ағарар, көңіл қалар, нұр таяр,
түбі оны да «байғұс-ай» деп жұрт аяр.
Өшер бәрі бейне күлкі, жаңғырық;
сен де өтерсің «ақ балтырды» ән қылып.
Нағыз сұлу – қиялыңда болса егер,
махаббат бар, және де ол – мәңгілік!

1965